Египеттік Air Cairo әуекомпаниясы Қазақстанға рейстерді ашады

0
1 126

Қазақстан мен Египет арасындағы әуе қатынасының ашылуы елдер арасындағы сауда - экономикалық, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді.


Египеттік Air Cairo әуекомпаниясы Қазақстанға рейстерді ашады

ERNUR.KZ. Египеттің Аir Cairo әуекомпаниясы Қазақстанға тұрақты жолаушылар рейстерін іске қосады деп жазады Stan.kz.

Индустрия министрлігінің Азаматтық авиация комитеті бұл туралы айтып берді.

"Air Cairo әуекомпаниясы Астана-Шарм-эль-Шейх бағыттары бойынша 2023 жылы 13 наурыздан бастап аптасына екі рейс жиілігімен (дүйсенбі және жұма) және Алматы-Шарм-эль-Шейх бағыттары бойынша 2023 жылы 14 наурыздан бастап аптасына екі рейс жиілігімен (сейсенбі және сенбі) тікелей тұрақты жолаушылар рейстерін орындауды бастауды жоспарлап отыр. Рейс А-320 типті әуе кемелерінде жасалады", – делінген хабарламада.

Қазақстан мен Египет арасындағы әуе қатынасының ашылуы елдер арасындағы сауда - экономикалық, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді.

Air Cairo – Каирдегі (Египет) мысырлық әуе тасымалдаушы. Авиакомпания рейстерді 2003 жылы бастады. Air Cairo әлемнің 20-дан астам еліне (Армения, Дания, Австрия, Әзірбайжан, Франция, Грузия, Германия, Венгрия, Италия) 50 бағыт бойынша халықаралық рейстерді орындайды.

Әуекомпания паркінде Airbus A320, A320neo, ATR 72 және Embraer 190 типті 19 әуе кемесі бар.