eGov Mobile қосымшасы арқылы тұрғын үйге кезекке тұруға болады

0
369

Енді қызметтік тұрғын үйге кезекке тұру тек электрондық үкімет порталы арқылы ғана емес, сонымен қатар смартфондардан да мүмкін.


eGov Mobile қосымшасы арқылы тұрғын үйге кезекке тұруға болады

ERNUR.KZ. Қарулы Күштерінің азаматтық персоналы eGov Mobile қосымшасы арқылы тұрғын үйге кезекке тұра алады, деп жазады baq.kz.

Жаңа көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметтік тұрғын үйге мұқтаж азаматтық персоналы үшін eGov Mobile мобильді қосымшасында қолжетімді. Енді қызметтік тұрғын үйге кезекке тұру тек электрондық үкімет порталы арқылы ғана емес, сонымен қатар смартфондардан да мүмкін.

Қызметтік тұрғын үйге кезекке қою рәсімі бұрын қағаз жеткізгіштердегі жұмыс орны бойынша құжаттарды жинау мен тапсыруды қарастырған. Енді құжаттың электрондық көшірмелері және смартфоннан интернетке қосылу қызметтік тұрғынжайға өтініш беру үшін, бұл пайдаланушылардың уақытын едәуір үнемдейді, - делінген «ҰАТ» баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Көрсетілетін қызметті алу үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:

- қосымшаға кіріп, «Көрсетілетін қызметтер» қосымша бетіне өтіңіз;

- «Әскери есеп» бөлімін таңдаңыз;

- көрсетілетін қызметтер тізбесінен «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері азаматтық персоналының (бюджеттік ұйымдар жұмыскерлерінің) қызметтік тұрғынжайға мұқтаж тұлғаларын есепке қоюды» таңдаңыз;

- барлық қажетті алаңдарды толтырып, файлдарды жүктеп алыңыз;

- дербес деректерді өңдеуге келісім беріңіз, «Қол қоюға өту» батырмасын басыңыз. Қол қою жылдам қол жеткізу кодын немесе биометрияны енгізу арқылы жасалады.

Естеріңізге сала кетейік, кезекке қою көрсетілетін қызметі әскери құрылымдардың қызметін қолдау мен қамтамасыз етуде жұмыс жасайтын, бірақ әскери қызметшілер болып табылмайтын азаматтық мамандар мен қызметкерлерді қоса алғанда ҚР Қарулы Күштерінің азаматтық персоналына арналған.