Екі күн бұрын жоғалған адамның денесі Сырдариядан табылды

0
429

Жыл басынан бері облыcта 19 адам суға кеткен.


Екі күн бұрын жоғалған адамның денесі Сырдариядан табылды

ERNUR.KZ. Қызылорда қаласында 47 жастағы азаматтың денесі екі күннен кейін Сырдария өзенінен табылды, деп жазады ҚазАқпарат.

Ол 14 маусымнан бері хабарсыз кеткен. Сүңгуірлер 15 маусымда 13.00-тен бастап Сырдария өзенінің төменгі ағысынан 1,2 шақырым аралықта іздеу жұмыстарын жүргізді.

«Құтқарушылар Талсуат елді мекеніне дейін моторлы қайықпен су бетімен 15 шақырым аумақты қарап шықты. Сондай-ақ «Ягодка» саяжайына іздестіру жүргізілді. Ол күні 20.33 минутта іздестіру шарасы уақытша тоқтатылды. Бұл жұмыстар 16 маусымда таңғы сағат 05.30-дан бастап қайта жалғасты. Нәтижесінде сағат 16.30-де оның мәйіті судан шығарылып, туыстарына табысталды», - деп мәлім етті облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінен.

Ведомство мәліметінше, іздестіру жұмыстарына барлығы 15 адам мен 6 автокөлік, оның ішінде облыстық Төтенше жағдайлар департаментінен 8 құтқарушысы мен 3 техника жұмылдырылды. Жыл басынан бері облыcта 19 адам суға кеткен. Оның 13-і бала. Қызылордада жыл басынан бері 15 адам суға батып кетті.