Екібастұзда апаттан зардап шеккендерге өтемақы қалай төленеді

0
1 301

Қала басшысының айтуынша, ешқайда барудың қажеті жоқ.


Екібастұзда апаттан зардап шеккендерге өтемақы қалай төленеді

ERNUR.KZ. Екібастұз әкімі Аян Бейсекин төтенше жағдай кезінде зардап шеккендердің электр энергияға жұмсаған шығыны қалай өтелетінін түсіндірді, деп жазды sputnik.kz.

Қала басшысының айтуынша, ешқайда барудың қажеті жоқ.
"Екібастұзжылуэнерго" ЖШС мен "Қалалық электр желілері" ЖШС иелері өтемақы төлеуге келісті.
Ақша "Қалалық электр желілері" компаниясының есепшотына аударылады. Оны абоненттердің есепшоттары арасында үлестіреді. Осылайша, электр энергияға кеткен шығындар өтеледі.
"Қазір біреулер жалған ақпарат таратып жатыр. Адамдар өтініш береміз деп, бөлімшелерге жүгіре бастады. Ешқандай арыз жазудың қажеті жоқ", – Бейсекин өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Бұған дейін қала әкімдігі 48 957 адамға электр энергиясы үшін өтемақы төленетінін хабарлаған. Сондай-ақ, Аян Бейсекин жылусыз қалған 70 үйдің тұрғындарына екі ай бойы жылу үшін төлемақы жасамауға болатынын жеткізді. Ал қалған абоненттердің төлемдерін қайта есептейді.