Екібастұзда баласын балабақшаға апарған ер адам 3 күннен бері табылмай жатыр

0
566

Ол баланы балабақшаға апарған. Содан бері ұшты-күйлі жоғалған.


Екібастұзда баласын балабақшаға апарған ер адам 3 күннен бері табылмай жатыр

ERNUR.KZ. Екібастұзда жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен ер адамға үш күннен бері табылмай жатыр, деп жазады sputnik.kz.

Ол баланы балабақшаға апарған. Содан бері ұшты-күйлі жоғалған. Жұмысына да бармаған. Іздеушілер оның үйден балабақшаға дейінгі бағытын анықтаған. Сонымен қатар қала тұрғындарынан да сұрыстырылып жатыр.
Алайда көрген адам табылмады. Із кесуші иттермен гараждар тексеріліп жатыр.
Іздеу жұмыстары еш нәтиже бермей тұр. Жігітті табу үшін іздеу шаралары жалғасып жатыр.