Екібастұзда ер адам полиция бөлімшесінде көз жұмды

0
112

Желіде марқұмның туыстарының видеосы тарады.


Екібастұзда ер адам полиция бөлімшесінде көз жұмды

фото: Sputnik / Владимир Песня

ERNUR.KZ. Павлодар облысында ер адам полиция бөлімшесінде белгісіз жағдайда көз жұмды, деп жазады sputnik.kz.

Полицияның мәліметінше, 11 тамызда Екібастұз полициясына үй ауласында мас ер адам әйелді қорқытып жүргені туралы шақырту түскен. Полицейлер бұзақылық жасаған ер адамды ұстап, бөлімшеге жеткізген.
"Ер адам бұрын сотталған және бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны анықталды. Құқық бұзушы арнайы бөлмеге орналастырылды. Біраз уақыттан кейін ол ес-түссіз күйде табылды. Көрсетілген медициналық көмекке қарамастан, ер адам қайтыс болды", - деп жазылған хабарламада.
Бейнежазбалар тәркіленді.