Ол қазір құқық қорғау органдары апаттың себептерін тергеп жатқанын атап өтті.
ERNUR.KZ. Бірінші вице-премьер Роман Скляр Екібастұздағы төтенше жағдайға қатысы бар барлық адам жауапқа тартылатынын айтты, деп жазады sputnik.kz.
Ол қазір құқық қорғау органдары апаттың себептерін тергеп жатқанын атап өтті.
"Осы апатқа қатысы бар, сондай-ақ өз әрекетімен төтенше жағдайды жою мәселесінің шешілуін созбалаңға салғандардың бәрі жауапкершілікке тартылады", - деді Скляр үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.
Айтуынша, құқық қорғау органдары апат себептері мен төтенше жағдайды жою алгоритмін зерделеп, тексереді. Сосын өз бағасын береді. Скляр Екібастұз тарихындағы ірі апат салдарынан қаладағы 149 тұрғын үй жылумен жабдықтау жүйесінен ажырап қалғанын еске салды. 70 тұрғын үй апаттан кейінгі бірінші күні жылуға қосылған. Қалған 70 тұрғын үйде проблема туындап, сегіз күн бойы жылу болған жоқ.
Еске салсақ, Екібастұз ЖЭО-да төтенше жағдай 27 қарашаға қараған түні болды. Отыз градус қақаған аязда тұрғындар жылусыз және ыстық сусыз қалды. Қалада жергілікті ауқымда техногенді сипаттағы төтенше жағдай режимі жарияланды.
Осы оқиғадан кейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысының әкімі болған Әбілқайыр Ысқақовты қызметінен босатты.