Экология департаменті «Казцинк» зауытындағы жарылысқа қатысты түсініктеме берді

0
501

«15 қыркүйекте «Казцинк» ЖШС Өскемен металлургия кешенінің қорғасын зауытындағы балқыту цехының шахталық пешін тазарту бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізілген. Осы кезеңде жарылыс болып, салдарынан бір қызметкер көз жұмды.


Экология департаменті «Казцинк» зауытындағы жарылысқа қатысты түсініктеме берді

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облыстық экология департаменті қаладағы метеожағдайдың нашарлауына байланысты түсініктеме берді. Құзырлы орган мәліметінше, шаһардағы экологиялық жағдайға «Казцинк» зауытындағы жарылыстың қатысы жоқ, деп жазады ҚазАқпарат.

«15 қыркүйекте «Казцинк» ЖШС Өскемен металлургия кешенінің қорғасын зауытындағы балқыту цехының шахталық пешін тазарту бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізілген. Осы кезеңде жарылыс болып, салдарынан бір қызметкер көз жұмды.

Жарылыстан өндірістік үй-жайлар, жабдықтар мен жұмыс процессіне шығын келген жоқ. 17 қыркүйектен бастап қорғасын зауытының негізгі цехтары, ал 19 қыркүйектен «Isasmelt Рt» пешінің жұмысы тоқтатылды. Осыған байланысты қаладағы метеорологиялық жағдайдың нашарлауы күкірт цехындағы жарылыстан болды деген ақпарат шындыққа жанаспайды», - деп мәлім етті экология департаментінің баспасөз қызметінен.

Департамент дерегінше, 17 қыркүйектен бастап Өскеменде екінші дәрежелі қолайсыз метеожағдай жарияланған. Ал ҚазАқпарат тілшісінің сауалына жауап берген Шығыс Қазақстан облысы бойынша бас мемлекеттік экологиялық инспектор Рауан Тұраров ауаның ластануының нақты себебі анықталатынын мәлімдеді.

«Қазгидрометтің» бақылау пунктісі ұсынған ақпарат бойынша 17 қыркүйекте түсте күкір диоксидінің мөлшері 0,2 болған. Кейін шекті рұқсат етілген концентрация көлемі – 1, ал кеше ол көрсекіш 3,2-ге дейін өскен. Бұған нешетүрлі себеп болуы мүмкін. Оның бірі – өндірістік зонадан ластаушы заттардың келуі. Екіншіден, бақылау пунктісінің маңында ауыр жүк техникасы жұмыс істеген болуы мүмкін. Бұл жағдай экология департаментінің назарында. Себептері анықталып, қосымша мәлімет ұсынылатын болады», - деді ШҚО-ның бас мемлекеттік экологиялық инспекторы Рауан Тұраров.

Еске салайық, бұған дейін Өскемендегі зауыттан шығып жатқан сары түтін жұрттың үрейін туғызған болатын Аталған жағдай бойынша жергілікті экологтар тексеріс бастаған болатын.