Кассациялық соттың қаулысымен прокуратураның талап-арызы толық көлемде қанағаттандырылды, құны 1,3 млрд теңге болатын актив мемлекетке қайтарылуға жатады.
фото: exclusive.kz
Алматы прокуратурасы «Қазақ энциклопедиясы» ЖШС-нің 100 % үлесін ҚР Мәдениет және спорт экс-министрі А. Мұхамедиұлымен байланысты компанияның заңсыз иелігінен мемлекетке қайтарды, деп хабарлайды ernur.kz прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2015 жылы «Қазақ энциклопедиясы» ЖШС-нің 100 % үлесі жылжымайтын мүлік түріндегі активтері заңсыз иеліктен шығарылған, жеке заңды тұлғамен заңсыз жекешелендірілген (Әуезов ауданындағы ауданы 2 108,3 м2 жер учаскесі бар ғимарат).
Мемлекеттің мүліктік мүдделерін қорғау мақсатында Алматы қаласы Әуезов ауданының прокуратурасы жекешелендіру шартын және одан кейінгі мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы сотқа талап-арызбен жүгінген.
Кассациялық соттың қаулысымен прокуратураның талап-арызы толық көлемде қанағаттандырылды, құны 1,3 млрд теңге болатын актив мемлекетке қайтарылуға жатады.


