Экс-президент бүгінде мемлекеттік істерге араласпайды – Қошанов

0
750

Бүгінде қос билік жоқ.


Экс-президент бүгінде мемлекеттік істерге араласпайды – Қошанов

ERNUR.KZ. Экс-президент бүгінде мемлекеттік істерге араласпайды. Бұл туралы Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов айтты, деп жазады baq.kz.

Сіздер құрып жатқан жаңа Қазақстан мен ескі Қазақстан арасында текетірес жүріп жатыр деген қоғамда пікір бар. Себебі экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев Астана клубы жиынын өткізді, Ресей президенті Владимир Путин кездесті. Халықтың алаңдауына негіз бар ма? – деп сұрады журналист Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановтан.

Мәжіліс спикері сұраққа ойын айтты.

Халықтың және сіздің (журналистке) алаңдауға негіз жоқ. Бүгінде қос билік жоқ. Ол болуы мүмкін де емес. Бүгінде барлық шешімді халық сайлаған мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдап отыр. Сіздің сұраңызға тоқталайын. Экс-президент бүгінде мемлекеттік істерге араласпайды. Екіншіден, жаңағы кездесулері, өткізіп-жатқан іс-шаралары, жол сапарлары оның барлығы жеке азамат ретінде өзінің құқығын пайдаланып жатыр, - деп жауап берді Қошанов Мәжілістің кулуарында.