«Эксимбанк Қазақстан» АҚ-ын мәжбүрлеп тарату туралы 2018 жылғы 28 қарашадағы шешімі 2019 жылғы 16 қаңтарда заңды күшіне енді.
ERNUR.KZ. «Эксимбанк Қазақстан» АҚ-ның салымшыларынан өтініштер қабылдау және өтемақы төлеу 4 ақпаннан бастап 4 тамыз аралығында жүргізіледі, деп хабарлайды Елорда Инфо.
2019 жылғы 16 қаңтарда Алматы қалалық соты Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының «Эксимбанк Қазақстан» АҚ-ны мәжбүрлеп тарату туралы 2018 жылғы 28 қарашадағы шешіміне «Қазақтелеком» АҚ-ның шағымын қанағаттандырусыз қалдырды. Осылайша, МАЭС-тың «Эксимбанк Қазақстан» АҚ-ын мәжбүрлеп тарату туралы 2018 жылғы 28 қарашадағы шешімі 2019 жылғы 16 қаңтарда заңды күшіне енді.
Жеке тұлғалар және жеке кәсіпкерлер «Эксимбанк Қазақстан» АҚ-та салымдарға, ағымдағы шоттарға және төлем карточкаларына орналастырылған ақшаны өтеуге құқылы. Өтемақы «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ-ның (ҚДКҚ) ақша қаражатынан жинақталған сыйақыны ескере отырып, бірақ депозиттер бойынша кепілдіктің ең көп сомасынан аспайтындай салымның, банк шотындағы немесе төлем карточкасындағы ақша қалдығының сомасы шегінде төленетін болады:
ұлттық валютадағы депозиттер бойынша – 10 миллион теңге;
шетел валютасындағы депозиттер бойынша – 5 миллион теңге;
бір салымшының «Эксимбанк Қазақстан» АҚ-на бір уақытта теңгеде және шетел валютасында орналастырған депозиттері бойынша – 15 миллион теңге (шетел валютасындағы депозит бойынша – 5 миллион теңге баламасынан аспайтын мөлшерде).
Сыйақы 2019 жылғы 16 қаңтардағы жағдай бойынша капиталдандырылған сыйақы сомасы (салымдарды, банк шоттарын немесе төлем карточкаларын қоса алғанда, депозиттік шоттарға төленген) шеңберінде өтелетін болады. Шетел валютасындағы депозиттер бойынша өтемақы теңгемен төленеді. Өтемақы сомасын есептеу үшін 2019 жылғы 16 қаңтардағы нарықтық айырбастау бағамы қолданылады.
«Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ҚДКҚ атынан депозиттер бойынша кепілді өтемақы «Қазпочта» АҚ арқылы төленетін болады.
ҚДКҚ арнайы резервтің қаражаты есебінен «Қазпочта» АҚ-ын банктің әрбір 361 салымшысына төлем жасау үшін «Эксимбанк Қазақстан» АҚ-ның салымшыларына 248,9 миллион теңге мөлшерінде ақшалай қаражатпен қамтамасыз етеді.
«Эксимбанк Қазақстан» АҚ-ның салымшыларынан өтініштер қабылдау және өтемақы төлеу алты ай ішінде – 2019 жылғы 4 ақпаннан бастап 4 тамыз аралығында жүргізіледі. 4 ақпанға дейін «Қазпочта» АҚ-ның филиалдары мен бөлімшелерінің таратылатын «Эксимбанк Қазақстан» АҚ-ның салымшыларынан өтініштер қабылдауға, оларды қарауға және өтемақы төлеуге құқығы жоқ.
Айта кетейік, 2019 жылғы 4 тамызға дейін «Қазпочта» АҚ-на жүгінбеген салымшылар агенттік келісімнің қолданылуы аяқталғаннан кейін ҚДКҚ-ға тікелей тиісті өтініш бере отырып, өтемақы алуға құқылы.
Сондай-ақ өтемақы алу тәртібі туралы, сондай-ақ өтініштер қабылданатын «Қазпочта» АҚ-ның филиалдары мен бөлімшелерінің мекенжайлары туралы ақпарат «Эксимбанк Қазақстан» АҚ-ның салымшылары үшін қосымша жарияланатын болады.
Салымшылар консультация алу үшін @kdif_ask телеграм-чатқа, ҚДКҚ-ның call-орталығына тегін 1460 қысқа нөмірі арқылы жүгінуіне немесе ҚДКҚ www.kdif.kz веб-сайтына сұрату қалдыруына болады.