2025 жылға арналған ұлттық стандарттау жоспары шеңберінде жасанды интеллект, төтенше жағдайлардағы қауіпсіздік, мүгедектерге арналған білім беру қызметтері, сауда қызметтері және т.б. бағыттар бойынша 62 стандарт әзірлеу жоспарланған.
ERNUR.KZ. Соңғы 4 жылда Қазақстанда динамикада әзірленген стандарттар санының төмендеуі байқалады. Бұл бюджеттеу мәселесіне де, нормативтік-техникалық құжаттама базасының жеткіліктілігіне де байланысты. ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары Қанат Қабылбеков ОКҚ брифингінде осылай деді.
Сонымен қатар бизнес-қоғамдастық «төменнен жоғарыға» қағидаты бойынша стандарттарды әзірлеуді жоспарлау қажеттілігі туралы, яғни өнеркәсіптің қажеттіліктеріне сүйене отырып, Мемлекет басшысы мен Үкіметтің тапсырмаларын орындау туралы ұстанымын бірнеше рет білдірді. Осыған байланысты, 2024-2025 жылдарға арналған ұлттық стандарттау жоспарын қалыптастыру кезінде стандарттауды озыңқы дамытуға емес, әзірлеуге жоспарланған стандарттардың қажеттілігіне баса назар аудара отырып, стандарттау жөніндегі жұмыстарды жоспарлау тәсілдері қайта қаралды.
2025 жылға арналған ұлттық стандарттау жоспары шеңберінде жасанды интеллект, төтенше жағдайлардағы қауіпсіздік, мүгедектерге арналған білім беру қызметтері, сауда қызметтері және т.б. бағыттар бойынша 62 стандарт әзірлеу жоспарланған.
«Стандарттау саласындағы жұмыстарды ұйымдастыру үшін Қазақстан Республикасында экономика салаларында 60 ұлттық техникалық комитет құрылды. Техникалық комитеттер жұмысы шет елдер өнімдермен сауда алмасу кезінде техникалық кедергілерді жою үшін ұлттық стандарттардың сапалық деңгейін арттыруға бағытталған. 2023-2024 жылдары 5 техникалық комитет құрылды», – деді ведомство өкілі.
Айта кетерлігі, халықаралық аренада Қазақстан Халықаралық стандарттау ұйымының белсенді қатысушысы болып қала береді. Еліміз Халықаралық стандарттау ұйымының 167 техникалық комитеттері мен кіші комитеттерінің толық мүшесі. Қазақстан Халықаралық стандарттау ұйымының хатшылықтарын бірлесіп жүргізу бойынша Twinning форматын іске асырады. Халықаралық стандарттау ұйымымен екі келісімге қол қойылды. Қазақстан бастамашылық еткен стандарттардың 4 жобасын келісу жүзеге асырылды.
2024 жылы Қытай Халық Республикасының бірінші хатшысы Си Цзиньпиннің Қазақстанға сапары аясында ШЫҰ саммитінде Сауда және интеграция министрлігі мен Қытай органдары – ҚХР нарықты реттеу жөніндегі мемлекеттік басқармасы мен Бас кеден басқармасы арасында екі ведомствоаралық меморандумға қол қойылды. Құжаттар сәйкестікті бағалау нәтижелерін өзара тануды дамытуға және өзара сауда кезінде тауарлардың сапасы мен қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды келісуге бағытталған.
2024 жылы Қытай құрғақ бие сүтіне арналған қазақстандық стандарт негізінде ұлттық стандартты бекітті. Бұл шешім экспорт үшін бұрыннан бар тосқауылды жояды және қазақстандық өндірушілерге 2025 жылдан бастап перспективалы Қытай нарығына қол жеткізуге мүмкіндік береді.