Ел тұрғындары қандай сырқаттарға жиі шалдығады

0
1 040

Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті хабарлаған.


Ел тұрғындары қандай сырқаттарға жиі шалдығады

ERNUR.KZ. 2019 жылы Қазақстанда түйнемеге шалдығудың 12 жағдайы тіркелді, деп жазады ҚазАқпарат.

«2019 жылғы қаңтар-желтоқсанда тіркелген жұқпалы аурулардың арасында ең көп таралғаны: жоғары тыныс жолдарының өткір жұқпасы – 539 228 жағдай, функционалдық диарея – 12 382, тыныс органдарының туберкулезі – 8 438, желшешек – 41 841, тұмау - 2213, қышыма – 669, қызылша - 576 және көкжөтел - 147. Түйнеме ауруының 12 жағдайы тіркелді (2018 жылы - 2 жағдай)», - делінген хабарламада.

Өңірлер бойынша алатын болсақ, функционалдық диареяға (4450 жағдай) шалдығудың ең көп жағдайы Қызылорда облысында болды. Ал Нұр-Сұлтан қаласында тұмау (232 жағдай) және нақтыланған басқа да бактериялық ішек жұқпалары (1189 жағдай) көп болған. Алматы облысында тыныс органдарының туберкулезі (889 жағдай) және мерез (412 жағдай), Шығыс Қазақстан облысында ротавирустық энтерит (187 жағдай), Маңғыстау облысында педикулез (243 жағдай) ең жиі анықталды.