Елбасы Денис Теннің өліміне байланысты істі мұқият тексеруді тапсырды

0
1 400

Сондай-ақ тергеу шараларының егжей-тегжейлі әрі объективті жүргізілуін қамтамасыз етуді тапсырды.


Елбасы Денис Теннің өліміне байланысты істі мұқият тексеруді  тапсырды

фото: ашық дереккөзден

ERNUR.KZ. Президент Нұрсұлтан Назарбаев Денис Теннің өліміне байланысты Ішкі істер министріне істі ерекше бақылауды тапсырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Бас прокурор Қ.Қожамжаровқа және Ішкі істер министрі Қ.Қасымовқа Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері Денис Теннің өліміне байланысты істі ерекше бақылауға алуды, сондай-ақ тергеу шараларының егжей-тегжейлі әрі объективті жүргізілуін қамтамасыз етуді тапсырды.

Сонымен қатар, Президент Әкімшілігінің басшылығына тергеу барысын тұрақты бақылауда ұстау тапсырылды.