Елбасыға тіл тигізген Арман Хасенов 3 жылға сотталды

0
1 138

Үкім мәтінінде Хасеновтың өз айыбын мойындағаны және істеген ісіне өкінетіні айтылады.


Елбасыға тіл тигізген Арман Хасенов 3 жылға сотталды

ERNUR.KZ. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа тіл тигізді деген айыппен сәуір айында қамауға алынған Арман Хасеновты 3 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шықты, деп жазады zakon.kz.

"Хасенов Арман Қайратұлы ҚР Қылмыстық кодексінің 373 бабы, 2 б. көзделген қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылсын, оған осы бап бойынша үш жылға бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалсын. 3 жылдық мерзімге пробациялық бақылау орнатылсын. ҚР Қылмыстық кодексінің 44 бабы 1 б. сай, Хасенов Арман Қайратұлы жазасын өтеу мерзімінде жергілікті атқару органдары белгілейтін жылына 100 сағаттық мәжбүрлі еңбекке тартылсын", - делінеді Қарағандының Қазыбек би аудандық сотының үкімінде.

Сонымен қатар, Хасеновтан сот шығындарын өтеу үшін және Жәбірленушілерге өтемақы төлеу қорының пайдасына 15 АЕК (41 670 теңге) өндіріледі.

Үкім мәтінінде Хасеновтың өз айыбын мойындағаны және істеген ісіне өкінетіні айтылады.