Эльбрус шыңын бағындырған альпинист жетістігін Салтанат Нүкеноваға арнады

0
257

5642 метр биіктікте орналасқан Эльбрус – көптеген альпинист үшін маңызды символ.


Эльбрус шыңын бағындырған альпинист жетістігін Салтанат Нүкеноваға арнады

ERNUR.KZ. Қазақстандық альпинист Сапфира Қанаева Еуропаның ең биік нүктесі – Эльбрус тауына сәтті көтерілді. Ол тау басына шыққан жетістігін Салтанат Нүкенованың рухына арнады, деп жазады inform.kz.

Сапфира Қанаева жақында елге оралып, алғашқы әсерімен бөлісті. Тәжірибелі альпинистерден құралған команда өз жолын 3 мамыр күні таңертең бастап, оның шыңына бірнеше сағаттық қажырлы еңбектен кейін жетті.

Қатысушылардың айтуынша, ауа райы күрделі болды және барлық топ сәтті көтерілгеннен кейін лагерьге аман оралды.

«Салтанат мен үшін тек шабыт болған жоқ. Тау шыңына көтерілу идеясы маған Кабардин-Балқардағы Теріскөлде жүргенімде келді. Онда мен Еуропаның ең биік нүктесі – Эльбрусқа шығып, жеңісті Салтанатқа арнауды жоспарладым. Бойжеткеннің қайғылы өлімінің оқиғасы көптеген адамның жүрегін елжіретті. Соның ішінде мен де бармын. Мен бірдеңе істеп, тауларды жылжытып, әділдікті қалпына келтіргім келді», - деп бөлісті ол.

5642 метр биіктікте орналасқан Эльбрус – көптеген альпинист үшін маңызды символ. Бұл тауға шығу тамаша физикалық дайындықты, тәжірибені және табиғатты құрметтеуді талап етеді. Қазақстандық альпинист Сапфира Қанаева – «Жеті құрлықтың жеті шыңын» бағындырған тұңғыш қазақ әйелі.

Спортшы Қазақстанның туын Африка, Еуропа және Оңтүстік Американың шыңына тікті.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, құрамында Анар Бурашева мен Мақсат Жұмаев бар «Kazakh Everest Team» қазақстандық команда әлемнің ең биік шыңы – Эверест шыңына (8 848 м) сәтті көтерілді.