Елде бір тәулікте 55 орман өрті тіркелді

0
106

Өрттердің негізгі себебі – найзағай разрядтары.


Елде бір тәулікте 55 орман өрті тіркелді

пресс-служба 24.kz

ERNUR.KZ. Елде бір тәулікте 55 орман өрті тіркелген, деп жазады sputnik.kz.
2026 жылдың 20 шілдесінде республиканың мемлекеттік орман қоры аумағында 55 орман өрті тіркелді.
"Өрттердің ең көбі "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватында тіркеліп, онда 41 өрт ошағы анықталды. "Ертіс орманы" МОТР аумағында 9 орман өрті, Шығыс Қазақстан облысында – 3, "Наурызым" мемлекеттік табиғи қорығында және "Баянауыл" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде бір-бірден орман өрті тіркелді", - деп жазылған хабарламада.
Өрттердің негізгі себебі – найзағай разрядтары.
Нақтыланған жедел мәліметтерге сәйкес, 45 орман өрті толық сөндірілді, 8 өрт оқшауланды. Қалған 2 өрт ошағының таралуы тоқтатылып, жағдай толық бақылауға алынды.