Бұл жастардың алғашқы жұмыс орнында тәжірибе жинап әрі табыс табуына жақсы мүмкіндік.
ERNUR.KZ. Бұл туралы бүгін Ақтауда өткен «Zhas Project» форумында ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі мәлімдеді, деп жазады 24.kz.
Оның айтуынша, бұл жастардың алғашқы жұмыс орнында тәжірибе жинап әрі табыс табуына жақсы мүмкіндік.
«Бүгінге дейін 6 облыста пилоттық 250 жоба іске асырылды. Соның аясында әлеуметтік осал топтағы және ауыл жастары көтерген бизнес-бастамаларды қолдауға 1 млн теңгеден 252 грант берілді. Алдағы уақытта бұл жоба басқа өңірлерде жүзеге асады» - деді министр.
"Сондай-ақ ҚР Үкіметінің 2022 жылға арналған іс-қимыл бағдарламасы шеңберінде NEET санатындағы жастар деңгейі жоғары өңірлерде жас кәсіпкерлерді қолдау үшін «Zhas Project» пилоттық жобасы іске асырылып жатқанын айрықша атап өткім келеді. Сіздердің жобаларыңыз бұдан кейін де қолдау таба береді. Бұдан басқа ұлттық жобалар негізінде өңірлік «Жұмыспен қамту» карталары шеңберінде жұмысқа орналастыру көзделген", дейді ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі.