Электр энергиясының бағасы қымбаттайды

0
3 282

Жаңа шекті тариф 2021 жылы белгіленеді.


Электр энергиясының бағасы қымбаттайды

ERNUR.KZ. Келесі жылдан бастап электр энергиясының бағасы қымбаттауы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы Асан Дарбаевтың айтуынша, станцияларда тарифтің өсуі орта есеппен 15 процентті құрайды. Нәтижесінде жарық тұтынушыға жеткенше, оның құны 6-7 процентке өседі. Баға бірден емес, кезең-кезеңімен көтеріледі. Ал өзге субъектілерге қатысты жаңа шекті тариф 2021 жылы белгіленеді.

– Басқа тарифтер бойынша өтінім келіп түскен жоқ. Түскен кезде айтамыз. 15,7 – станцияның бағасы. Біз реттейтін жақта ол өспейді. Көтерме бағаны энергетика министрлігі бекітеді. Біз аяқ жағын ғана реттейміз. Тасымалдау және жабдықтау. Ол жерде баға өспейді, - дейді ҚР ҰЭМ табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының орынбасары Ерболат Ибрайханов.