Елімізде тек 4,6 млн тұрғынның ипотекалық несие алуға мүмкіндігі бар
ERNUR.KZ. ҚР ИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті Мархабат Жайымбетов елімізде тек 4,6 млн тұрғынның ипотекалық несие алуға мүмкіндігі бар екенін мәлім етті, деп жазады Bag.kz.
Оның айтуынша, 4,6 млн қазақстандықтың ғана ипотекалық несиемен пәтер алуға мүмкіндігі бар.
«Еліміздегі 18,3 млн адамның 13,7 млн тұрғынында шектеу бар. Яғни 3,5 млн адамда кредит бар. Ал 5,3 млн тұрғында 15 жасқа дейінгі баласы бар. 2,1 млн қазақстандық өзін-өзі жұмыспен қамтып отыр. 2,1 млн тұрғын зейнет жасында. 250 мың адамның төленбеген қарызы мен 500 мың студент бар», - деді төраға Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінде өткен жиында.