Жобаны жүргізу туралы уағдаластыққа қол қойылды.
ERNUR.KZ. Еліміздің мамандары Тәжікстан Республикасының жекелеген ауылдық елді мекендерін «KazSat» ғарыштық байланыс жүйесін пайдалана отырып интернетпен қамтамасыз етпек, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Ведоствоның хабарлауынша, «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ мен «Нет Солюшенс» ЖШҚ (Тәжікстан Республикасы) арасындағы ынтымақтастықты кеңейту және нығайту шеңберінде «KazSat-3» ғарыш аппараты арқылы Тәжікстан Республикасының 10 ауылдық елді мекенінде пилоттық жобаны жүргізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
«Техникалық мәселелер пысықталды. Пилоттық жобаны іске асыру нәтижелері бойынша еліміздің 50-ге жуық шалғай ауылдарында Интернет желісіне қолжетімділікті қамтамасыз ету жоспарлануда», - делінген хабарламада.


