Елімізде 11 мыңнан аса әйел алимент төлеуден жалтарған

0
234

Қазір берешектің жалпы сомасы 13 миллиард теңгеге жеткен.


Елімізде 11 мыңнан аса әйел алимент төлеуден жалтарған

ERNUR.KZ. Елімізде ұл-қыздарына алимент төлемей қашып жүрген 11 мың әйел бар, деп жазады inbusiness.kz.

Дегенмен, туған балаларына ақша төлеуден жалтарып жүргендердің денін әлі де ер азаматтар құрап отыр. Олардың саны 281 мың адам. Қазір берешектің жалпы сомасы 13 миллиард теңгеге жеткен.
Өкінішке қарай, алимент төлей алмағандардың арасында шетелге шығуға шектеу қойылғаны, әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны және сотталғандары да азаймай тұр. Сондықтан мемлекет 13 мыңнан астам әкені жұмысқа орналастырған.

Жыл басынан бері проблемалық алименттер саны бойынша 16 197 іс өндіріске алынып, қарыз мөлшері 20,7 млрд теңгеге жеткен. Қазір проблемалық алименттер 21%-ға дейін төмендеді, яғни, 13 млрд теңгеге өндіріске алынған 12 883 іс бар. Орташа алғанда алимент өндірісінің 95%-дан астамы сот орындаушыларының талаптарын еш қиындықсыз орындайтын жұмыс берушілердің есептік қызметтері арқылы өндіріледі.

Қазір 7 мыңнан астам борышкерге қатысты Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеулер қойды.

Биыл алимент бойынша міндеттемелерді орындамағаны үшін 1 875 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Борышкерді қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін ҚР ҚК-нің 139-бабы бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде 304 іс тіркеліп, оның ішінде 115 іс сотқа жіберіліп, 55 борышкер сотталды.