Елімізде 43 градусқа дейін күн ысиды

0
408

​Алдағы күндері елдің көп бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады.


Елімізде 43 градусқа дейін күн ысиды

ERNUR.KZ. «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі 6-8 маусым аралығына ауа райы болжамын ұсынды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз, көптеген өңірде жаңбыр жауады: 7-8 маусымда солтүстікте, 7 маусымда орталықта, 8 маусымда елдің шығысында найзағай мен екпінді жел, қатты жаңбыр жауады, солтүстікте, батыста, орталықта, шығыста бұршақ күтілуде.

«Елдің оңтүстігінде +35 градустан ауа температурасы +43 °С дейін ысиды, оңтүстік-шығыста + 35-тен +40 °С дейін; елдің батысында 6-7 маусым күндіз + 30...+38 °С, 8 маусымнан бастап +25-ке дейін төмендеу күтіледі. Республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында күндіз +22-ден +30 градусқа дейін қызады», - деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.