Елімізде 500-ге жуық ветеринар маман тапшы

0
656


Елімізде 500-ге жуық ветеринар маман тапшы

ERNUR.KZ. Биыл елімізде тұңғыш рет ветеринар мамандардың кәсіби мерекесі аталып өтуде, деп жазады kaz.zakon.kz.

Республикада қазір 20 мыңға жуық мал дәрігері еңбек етіп жүр. Дегенмен 500-ге жуық маман тапшы.


Қазақстанда ветеринарларды даярлайтын 10-нан астам жоғары оқу орны бар. Орта есеппен жылына 600 түлек диплом алады.

"Жас мамандарды ауылдық жерлерге тартуға реформа жүргізіледі. Қазіргі кезде жалақылары орта есеппен айтқана 270-350 мыңның арасында. Сонымен қатар "әлеуметтік пакет" дейміз. Әлеуметтік оны да жергілікті жердегі әкімдіктер жағдайын жасап отыр." Марат Мұхтаров, ҚР АШМ ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің басқарма басшысы



Елімізде аса қауіпті ауруларға диагностика жүргізетін ветеринариялық зертханалардың 15 пайызы жаңалауды талап етеді.