Солтүстік аймақтарда ауа температурасы күрт төмендейді.
"Қазгидромет" орталығы мамандары 24-26 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Еліміздің солтүстік аймақтарында ауа температурасының аздап көтерілуіне әкелген циклон жырасы Қазақстаннан тыс жерлерге тез ауысады. Ал оның артынан арктикалық ауа массаларымен Кар теңізі аудандарынан суық антициклон ауысады, ол 25 желтоқсаннан бастап солтүстік аймақтарда ауа температурасының түнгі уақытта 30-38 аязға дейін күрт төмендеуіне әкеледі.