Жалпы, былтыр және биылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстанда алкогольсіз энергетикалық сусындарды сатуға тыйым салынбаған.
ERNUR.KZ. Қазақстанда Ауғанстанда өндірілетін кейбір анар хош иісті газдалған сусындарға тыйым салынуы мүмкін, деп жазады tengrinews.kz.
Денсаулық сақтау министрлігі санэпидбақылау комитетінің ақпараты бойынша ауған содасы зертханада сәйкестікке тексеріледі.
"Қазіргі уақытта Комитеттің аумақтық бөлімшелері кейіннен зертханалық сараптамамен анар қосылған газдалған сусындардың (Ауғанстан өндірген) түрлі атауындағы сауда объектілерінде бақылау сатып алуды жүргізіп жатыр", - деп хабарлады комитет.
Бақылау сатып алу қорытындысы бойынша, сусынның құрамында бояғыштардың рұқсат етілген нормалары асып кеткен жағдайда, өнімді қайтарып алу және сатудан алып тастау түрінде жедел ден қою шаралары қабылданады.
Сондай-ақ, комитет биыл өнімнің санитарлық-эпидемиологиялық мониторингі аясында алкогольсіз сергітетін және алкогольсіз энергетикалық сусындардың 100-ден астам сынамасы тексерілгенін хабарлады. Олар Кеден одағының техникалық регламенттерінде белгіленген қауіпсіздік көрсеткіштеріне сәйкестігіне тексерілді. Зертханалық зерттеулердің қорытындысы бойынша бұзушылықтар анықталған жоқ.
Жалпы, былтыр және биылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстанда алкогольсіз энергетикалық сусындарды сатуға тыйым салынбаған.