Елімізде бала туу жасы заңмен бекітілуі мүмкін

0
291

15 пен 49 жас аралығы қыз-келіншектер «репродуктивті жаста» болып саналады.


Елімізде бала туу жасы заңмен бекітілуі мүмкін

ERNUR.KZ. Қазақстанда бала туу жасы заңмен бекітілуі мүмкін, деп жазады ulysmedia.kz.

15 пен 49 жас аралығы қыз-келіншектер «репродуктивті жаста» болып саналады. Сондай-ақ бұл ұғым Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі кодесіне енгізіледі.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 42 жастан кейін қыз-келіншектердің босануы қиындайды. Мұны клиникалық тәжірибе көрсеткен.

Мәселен, жыл сайын репродуктивті клиникаға 49 жастан асқан 25-30 әйел жүгінеді екен. Бұл әйелдер 10-12 жыл бұрын қатырып қойған жұмыртқа клеткасын қолданады немесе экстракорпоральды ұрықтандыру жасайды.

Өткен жылы ЭКО-ның қызметіне 28 әйел жүгініп, оның жартысы босаныпты.