Елімізде бензин өндірісі төмендеді

0
521

2023 жылғы ақпанда Қазақстанда 379 мың тонна бензин өндірілген.


Елімізде бензин өндірісі төмендеді

ERNUR.KZ. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлім етті, деп жазады ulysmedia.kz.

"2023 жылғы ақпанда Қазақстанда 379 мың тонна бензин өндірілді, бұл бір жыл бұрынғы өндіріс көлемінен 1,8%-ға төмен", - делінген хабарламада.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, ақпан айында: 389 мың тонна газойл (-2,3%), 289 тонна мазут (+14,9%) өндірілді.

Айта кетейік, Энергетика министрлігі елде дизель тапшылығына жол бермеу үшін Ресейден 850 мың тонна отын жеткізбек.

Сондай-ақ, бұдан бұрын Болат Ақшолақов Қазақстан Германияға ай сайын 20 мың тонна мұнай жөнелтіп отыратынын мәлімдеген.