22-24 тамыз аралығында Қазақстанның басым бөлігіне солтүстік-батыс циклоны әсер етеді.
ЖИ/ Ulysmedia
ERNUR.KZ. Қазақстанда алдағы демалыс күндері ауа райы құбылмалы болады. Елдің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнаса, батыс өңірлерде аптап ыстық сақталады, деп жазады ulysmedia.kz.
Циклон жаңбыр алып келеді
22-24 тамыз аралығында Қазақстанның басым бөлігіне солтүстік-батыс циклоны әсер етеді. Онымен бірге жаңбыр мен найзағай келеді.
– Кей жерлерде жауын-шашын қатты болуы мүмкін, бұршақ жаууы ықтимал, – деп ескертеді «Қазгидромет».
Мұндай ауа райы елдің басым бөлігінде күтіледі.
Батыста аптап ыстық сақталады
Қазақстанның батысында жағдай өзгеше болады. Бұл өңірлерге антициклон әсер ететіндіктен, айтарлықтай жауын-шашын күтілмейді.
Күндіз ауа температурасы +34...+39 градусқа дейін көтеріледі.


