Елімізде еңбекке қабілеттілігін жоғалту және асыраушысынан айырылу бойынша төлем ұлғаяды

0
451

Қаулы 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.


Елімізде еңбекке қабілеттілігін жоғалту және асыраушысынан айырылу бойынша төлем ұлғаяды

ERNUR.KZ. Үкімет Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленетiн әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап арттыру туралы қаулыны бекітті, деп жазады zakon.kz.

Қаулы мәтінінде:

"2024 жылғы 1 қаңтарға дейін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан тағайындалған еңбекке қабілеттіліктен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап алатын әлеуметтік төлемдердің мөлшерінен 7 пайызға арттыру жүргізілсін", – делінген.

Қаулы 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.