​Елімізде «ITеst: үздік нәтиже» байқауы басталды

0
1 129

«ITеst - бұл аймақтардағы оқушыларға үлкен мүмкіндік дейді», – жоба ұйымдастырушысы


​Елімізде «ITеst: үздік нәтиже» байқауы басталды

ERNUR.KZ. Жоба бойынша мектеп бітіруші түлектер порталға тіркеліп, электронды түрде тест тапсырады, деп жазады «Хабар 24».

Үздік нәтиже көрсеткен 10 қатысушыға жоғары оқу орнына грант беріледі. Сондай-ақ рейтинг бойынша жоғары балл алған 50 оқушы бағалы сыйлықтармен марапатталады. «Бұл аймақтардағы оқушыларға үлкен мүмкіндік дейді», – жоба ұйымдастырушылары. Статистика бойынша, жыл сайын 100 мыңға жуық оқушы мектеп бітірсе, олардың 70 пайызы аймақтарға тиесілі. Арнайы оқу орталықтарында дайындалуға мүмкіндігі жоқ балалар сайтқа тіркеліп, бағын сынауына болады әрі ҰБТ-ға әзірлене алады. Баламасы жоқ бірегей білім байқауы 20 маусымға дейін жалғасады. Білім жобасы «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып отыр.

Қанат Мырзаханов, маркетинг бөлімінің маманы:

- Қазақстан Республикасының Президенті 2019 жылды Жастар жылы деп жариялады. Осы жылы мүмкіндік өте көп болады. Соны пайдалану керек. Гранттар жылдан-жылға көбейіп жатыр. Өсіп жатыр. Егер ізденіп, дайындалып, өз ой-санасында осы жоғары білім алу тұрса, барлық мүмкіндік бар.