Елімізде кәсіпкерлер жаппай мобильді аударыммен төлем қабылдаудан бас тартуда

0
899

Қолма-қол ақша ұстамайтын қазақстандықтардың басым көпшілігі сауда жасау үшін банкомат немесе электронды төлем қабылдайтын дүкен іздеуге мәжбүр.


Елімізде кәсіпкерлер жаппай мобильді аударыммен төлем қабылдаудан бас тартуда

ERNUR.KZ. Қазақстандықтар жыл басталғалы қолма-қол ақша іздеп әлек. Себебі дүкендер электронды төлемдерден бас тартты, деп жазады Stan.kz

Қолма-қол ақша ұстамайтын қазақстандықтардың басым көпшілігі сауда жасау үшін банкомат немесе электронды төлем қабылдайтын дүкен іздеуге мәжбүр. Тұтынушылардың қолма-қол ақшамен төлем жасағысы келмейтін көрінеді. Олардың айтуынша, мобильді аударымдардан бас тартқан кәсіпкерлердің табысы бұрынғыдай болмайды. Себебі қолма-қол ақшасы жоқ тұтынушылар сауда жасамайды.

Мемлекеттік кірістер департаменті биылдан бастап кәсіпкерлер мен олардың жұбайлары табысы туралы декларация тапсыратынын айтты. Бұл ақпаратты жасырып қалғысы келетін кәсіпкерлер мобильді аударымдардан бас тартып, тұтынушылардан қолма-қол ақша талап етеді. Мемелкеттік кірістер департаменті басқармасының басшысы Нұрлыбек Оспанов кәсіпкерлерге әсер етудің жолын айтты.

“Сіз құжаттарды растайтын міндетті қосымша арқылы өтініш бере аласыз. Ол e-otinosh немесе Wipon Cashback-тегі тегін қосымшалар арқылы жүзеге асады. Бастапқыда ескерту беріледі. Егер бұл жағдай бір жыл ішінде тағы да қайталанса саудагерлерге 20 АЕК – 73 мың теңге көлемінде айыппұл салынады. Сайып келгенде, тұтынушылардың өздері шешеді. Егер қазақстандықтар өз дегенін істейтін болса, кәсіпкерлердің ашық түрде жұмыс істеуіне тура келеді”, – дейді Нұрлыбек Оспанов.