Елімізде Кавасаки синдромымен үш бала ауырып жатыр – ДСМ

0
615

Балалардың әрқайсысының жағдайы әртүрлі.


Елімізде Кавасаки синдромымен үш бала ауырып жатыр – ДСМ

ERNUR.KZ. Қазақстанда коронавируспен ауырып жатқан балалар саны - 114, олардың үшеуінен Кавасаки синдромы анықталған. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында "Халыққа медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру" тақырыбы аясында өткен онлайн брифинг кезінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов айтты, деп жазады baq.kz.

13 наурыздан бастап Қазақстанда коронавирустық инфекция жұқтырған балалар саны 2257, дәл қазір ауруханада 114 бала жатыр. Кавасаки синдромы – орта және кіші артериялардың зақымдануымен сипатталатын жүйелі ауру. Жыл басынан бері бұл індетпен Нұр-Сұлтан, Алматы және Петропавл қалаларында үш жағдай тіркелді, - деді ол.

Бағдат Қожахметовтың айтуынша, балалардың әрқайсысының жағдайы әртүрлі.

Нұр-Сұлтандағы баланың жағдайы тұрақты, бірақ бұл өте күрделі синдром және бұған ерекше назар аудару қажет. Бұл сирек кездесетін ауру, - деді ол.

Айта кету керек, Бағдат Қожахметов бұған дейін Қазақстанда коронавирус жұқтыру өсімі тоқтатылғанын айтқан болатын. Сонымен қатар, ол шілде айының басынан бері карантиннің 5 аптасында ауруханалардағы жатын орындар 60%-ға босағанын мәлімдеді.