Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 47 адам тіркелді, елімізде жалпы 3 551 жағдай анықталған, деп хабарлайды ERNUR.KZ. coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстандағы коронавирус инфекциясына қатысты 1 мамырда сағат 12:45-тегі эпидемиологиялық жағдай бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 47 адам тіркелді. Оның ішінде:
Павлодар облысында - 13, Қарағанды облысында - 2, Қызылорда облысында - 3, Жамбыл облысында - 4, Маңғыстау облысында - 6, Шымкент қаласында - 8, Атырау облысында - 1, Алматы қаласында – 10 бар. Қазіргі уақытта жалпы 3 551 жағдай тіркелген.


