Елімізде мемлекеттік қызметке орналасу жеңілдейді

0
622

Өзгерістер 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді.


Елімізде мемлекеттік қызметке орналасу жеңілдейді

ERNUR.KZ. Елімізде мемлекеттік қызметке орналасу жеңілдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұрын конкурстан өту үшін 50 күн уақыт қажет болатын. Енді бұл мерзім 2 аптаға дейін қысқарып отыр. Сондай-ақ, конкурстың кезеңдері де азайды. Бұған дейін 3 түрлі сынақ жарияланса, қазір үміткерлердің 2 кезеңнен өткені жеткілікті. Яғни, ведомствода бос орын пайда болған кезде конкурсқа сол органның қызметшілері ғана емес, басқа ведомстволарда істеп жатқандар да бірдей қатыса алады. Мұндай шешім Мемлекет басшысы қол қойған заңға сәйкес қабылданды. Өзгерістер 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді.

Айта кетейік, бүгінде мемлекеттік қызметте 90 мыңға жуық адам жұмыс істеп жатыр. Олардың орта жасы 39. Қызметшілердің 56 проценті нәзік жандылар болса, қалғаны ер азаматтар.


– Бірінші кезең, ол аталған мемлекеттік органның қызметшілері арасындағы конкурс, ол конкурста жеңімпаз анықталмаған жағдайда тікелей барлық мемлекеттік қызметшілер арасындағы конкурс пен жалпы конкурс біріктірілді. Яғни, енді мемлекеттік қызметшілер конкурсқа қатыса алады, - дейді ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ресми өкілі Ерхан Таткен.