Елімізде өндірістегі қызметкерлердің қаза болуы мен жарақаттануының төмендеуі байқалады

0
75

Елімізде өндірістегі қызметкерлердің қаза болуы мен жарақаттануының төмендеуі байқалады.


Елімізде өндірістегі қызметкерлердің қаза болуы мен жарақаттануының төмендеуі байқалады
фото: ortcom.kz.

ERNUR.KZ. ҚР төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Үкімет отырысында өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады. Ол өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету шеңберінде министрлік өндірістік авариялардың туындау қаупі мен соның салдарынан болатын адам өлімін азайту бойынша шаралар қабылдап жатқанын атап өтті, деп хабарлайды UKIMET телеграм арнасы.

Өнеркәсіптік қауіпсіздік шаралары нығайтылып, өндірістік бақылауға, кәсіби авариялық-құтқару қызметтерін аттестаттауға қойылатын бірқатар талаптар күшейтілді, тозған жабдықты уақтылы жаңарту жоспарын келісу міндеті белгіленді.

«Қазір еліміздің қауіпті өндірістік орындардағы адам өлімі 2,5 есеге, жарақат алу 25%-ға азайды», – деді Шыңғыс Әрінов.