Елімізде Орнықты даму саласындағы ұлттық мақсаттар мен міндеттердің іске асырылуын мониторингтеу жөніндегі Парламенттік комиссия 11 отырыс өткізді

0
74

Орнықты даму мақсаттарының тарихы 2015 жылғы 25 қыркүйектен бастау алады.


Елімізде Орнықты даму саласындағы ұлттық мақсаттар мен міндеттердің іске асырылуын мониторингтеу жөніндегі Парламенттік комиссия 11 отырыс өткізді

ERNUR.KZ. Дәл сол күні Біріккен Ұлттар Ұйымының Нью-Йорк қаласындағы штаб-пәтерінде әлем көшбасшылары 2030 жылға дейінгі Орнықты даму саласындағы Күн тәртібін қабылдады. Орнықты даму саласындағы Күн тәртібі ауқымды әрі ұзақ мерзімді өзгерістерге бағдар береді. Ол әлеуметтік, экономикалық және экологиялық дамудың негізгі қырларын қамтитын Орнықты даму мақсаттарының 17 бағытын біріктіреді. Бұл туралы ҚР ұлттық экономика вице-министрі Асан Дарбаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында айтты.

Қазақстанда Біріккен Ұлттар Ұйымының Орнықты даму мақсаттарын іске асыруға арналған институционалдық негіз қалыптастырылған. Бүгінде Қазақстан Республикасындағы орнықты даму саласындағы ұлттық мақсаттар мен міндеттердің іске асырылуын мониторингтеу жөніндегі Парламенттік комиссия өз қызметін жүзеге асырып келеді.

«Комиссия отырыстары Үкімет басшылығының, Ұлттық экономика министрлігінің мүдделі министрліктер мен ведомстволардың қатысуымен тұрақты түрде өткізіледі. Қазіргі уақытқа дейін барлығы 11 отырыс өтті. Осылайша, Орнықты даму мақсаттарын іске асыру мәселелері Парламент депутаттарының тұрақты бақылауында болып, бұл қосымша мониторинг пен қоғамдық жауапкершілік тетігін қамтамасыз етеді. Қазіргі таңда Қазақстандағы Орнықты даму мақсаттарының мониторинг жүйесі 200 индикаторды қамтиды, оның ішінде 69-ы Қазақстан үшін өзекті деп танылған, ал, 131-і мониторинг жүргізуге арналған», – деді спикер.

Орнықты даму мақсаттарының индикаторлары деректерінің базасын жүргізу жұмысын Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жүзеге асырады.

Қазақстанда Орнықты даму мақсаттарының Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында қамтылуын қамтамасыз ететін құқықтық негіз қалыптастырылған.

Орнықтылық пен инклюзивтілік қағидаттары Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарының негізіне алынған.