Елімізде тағы бір банк лицензиясынан айырылды

0
394

Банк төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызылды.


Елімізде тағы бір банк лицензиясынан айырылды

ERNUR.KZ. Алматы қаласының экономикалық сотында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің «Capital Bank Kazakhstan» акционерлік қоғамына банктің қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы талап-арызы бойынша азаматтық іс қаралды, деп жазады baq.kz.

Алматы қаласының МАЭС баспасөз қызметі сотта Агенттік Басқармасының 2021 жылғы 24 маусымдағы қаулысы негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасын жүйелі түрде (үш және одан да көп рет) бұзғаны үшін банк 2021 жылғы 25 маусымнан бастап лицензиясынан айырылғаны жөнінде мәлімдеді.

«Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Пруденциалдық нормативтердің нормативтік мәндері мен есеп айырысу әдістемелерін және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді, банк капиталының мөлшерін және ашық валюталық позицияның есеп айырысу ережелері мен лимиттерін белгілеу туралы» қаулысымен белгіленген пруденциалдық нормативтерді бұзу», – деп хабарлады Алматы қаласы МАЭС баспасөз қызметі.

Банк бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Агенттік Басқармасының 2021 жылғы 14 маусымдағы қаулысымен Банк төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызылды.

Банкті тарату туралы сот шешімі күшіне енгеннен кейін банктің тарату комиссиясы банктің істерін аяқтау және оның кредиторларымен есеп айырысуды қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдайтын болады.