Елімізде толық циклді Kia зауыты іске қосылады

0
453

Қазақстанда қазірдің өзінде Hyundai көліктері сәтті құрастырылып жатыр.


Елімізде толық циклді Kia зауыты іске қосылады

ERNUR.KZ. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қазақстан-Корея бизнес форумында айтты, деп жазады baq.kz.

Қазақстанда қазірдің өзінде Hyundai көліктері сәтті құрастырылып жатыр. Келесі жылы біз инвестиция көлемі 200 миллион доллар болатын толық циклді Kia зауытын іске қосамыз деп отырмыз,- деді Президент.

Мемлекет басшысы, елімізде оңтүстіккореялық көліктердің бөлшектері шығарылатынын айтты.

Оңтүстік Кореяның бірқатар Xiong, Ehwa, Yongsan, Motrex компаниялары автомобиль өнеркәсібін дамытудың келесі кезеңін бастап, елімізде автокомпоненттерді шығару кластерін құруды жоспарлап отыр,- деді Мемлекет басшысы.