Елімізде жаңа кәсіби мереке бекітілді

0
763

Бұл мереке – еліміздегі 20 мыңға жуық кітапханашыларға ортақ кәсіби мейрам.


Елімізде жаңа кәсіби мереке бекітілді

ERNUR.KZ. Үкімет «Кітапханашылар күні» жаңа кәсіби мерекесін бекітті, деп жазады ulysmedia.kz.

Бұл мереке 24 қазан күні атап өтіледі. Тиісті Үкімет қаулысына еліміздің Премьер-министрі Әлихан Смайылов қол қойды.

Атап өтерлігі, бұл мереке – еліміздегі 20 мыңға жуық кітапханашыларға ортақ кәсіби мейрам. Өз кезегінде, бүгінде Қазақстанда 10 932 кітапхана бар, соның ішінде 3 894 мәдениет саласына (ғылыми-әмбебап, балалар, балалар мен жасөспірімдер, зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапханалар), 7 032 - білім беру саласына, 6 - денсаулық сақтау саласына тиесілі кітапханалар.

Кітапханашылар күні сондай-ақ Армения, Өзбекстан, Украина, Ресей Федерациясы, Қырғыз Республикасы, Молдова және бірқатар елде атап өтіледі.