Елімізде жол бойындағы әжетханаларды тексеру жұмыстары аяқталды

0
854

Бүгінгі таңда жүргізілген тексеру жұмыстары барысында жол бойындағы 52 дәретханада санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды өрескел бұзу фактілері анықталды.


Елімізде жол бойындағы әжетханаларды тексеру жұмыстары аяқталды

ERNUR.KZ. Бас көлік прокуратурасының талабына байланысты санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдары халықаралық және республикалық маңызы бар жолдардың бойында орналасқан барлық қоғамдық дәретхананы тексеру жұмыстары аяқталды, деп жазады inform.kz.

Бүгінгі таңда жүргізілген тексеру жұмыстары барысында жол бойындағы 52 дәретханада санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды өрескел бұзу фактілері анықталды.

Осыған байланысты «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ және «КАЗжСервис» ЖШС-не қатысты әкімшілік іс қозғалып, анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым шығарылды.

Еске сала кетейік, бұған дейін ақылы жолдың дәретханасын тазалаушылар қанша айлық алып жүргені туралы жазған едік.