Тәлімгерлік институты енгізілді: 300 жуық адам жетім балаларға тәлімгер болды.
иллюстрациялық фото
Елімізде 21 мың жетім баланың 17 600-і отбасыларда тәрбиеленуде. Жыл сайын азаматтар 1 мыңға жуық жетім баланы өз отбасына алады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстелде ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова айтты.
«Мемлекеттің басым міндеті - балаларды көшедегі, үйдегі және мектептегі қауіпті жағдайлардан қорғау. Сондықтан балалар объектілерінде бұрын-соңды болмаған кешенді қауіпсіздік шаралары жүзеге асырылуда. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының 100%-ы қауіпсіздік жүйелерімен қамтамасыз етіліп, ЖБО-ға қосылды, лицензияланған күзет қойылып, дабыл түймелері орнатылды», - деді спикер.