Еліміздегі алғашқы АЭС атауына конкурс басталды

0
147

Әрбір азамат АЭС-ке өз атауын ұсына алады.


Еліміздегі алғашқы АЭС атауына конкурс басталды

Фото: Qazaqstan Media

ERNUR.KZ. Қазақстандағы алғашқы АЭС-ке үздік атау беру конкурсы басталды, деп жазады inbusiness.kz.

"Қазақстан азаматтарының барынша көп қамтылуы үшін АЭС-ке үздік атау беру бойынша ұсыныстар eGov Mobile қосымшасы арқылы қабылданады. Конкурстың атом саласы қызметкерлері күні қарсаңында басталуы – индустрияның Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосып отырған үлесінің айқын дәлелі", – деді Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев.

25 қыркүйектен 10 қазанға дейін eGov Mobile қосымшасы арқылы ұсыныстар қабылданады. 11–20 қазан аралығында келіп түскен ұсыныстар талданып, қазан айының соңына дейін АЭС-тің үздік атауы анықталмақ.

АЭС-ке үздік атау беру жөніндегі жалпыұлттық конкурстың ережелері Атом энергиясы жөніндегі агенттіктің ресми сайтында және Телеграм арнасында жарияланады.

Агенттік атап өткендей, конкурс ашық әрі айқын өтеді. Әрбір азамат АЭС-ке өз атауын ұсына алады, ал комиссияның қорытынды шешімі қазан айының соңына қарай белгілі болады.