Еліміздегі халық саны туралы мәлімет жаңарды

0
156

2025 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша елде 20 316 155 адам болған.


Еліміздегі халық саны туралы мәлімет жаңарды

Фото: Tengrinews.kz / Алихан Сариев

ERNUR.KZ. Ұлттық статистика бюросы 2025 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша, Қазақстан халқының санын жариялады, деп жазады tengrinews.kz.

Бюро мәліметінше, 2025 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша елде 20 316 155 адам болған.

Қазақстандағы ең халқы көп өңірлер Алматы қаласы мен Түркістан облысы: бұл өңірлерде тиісінше 2 300 876 және 2 154 130 адам тұрады.

Халқының саны 1 миллионнан асқан бес өңір бар:

  • Алматы облысы – 1 566 257 адам,
  • Астана – 1 544 142 адам,
  • Шымкент – 1 261 709 адам,
  • Жамбыл облысы – 1 221 439 адам,
  • Қарағанды облысы – 1 133 524 адам.

2025 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша, қала және ауыл халқының арақатынасы келесідей:

  • қалаларда – 12 813 769 адам,
  • ауылдарда – 7 502 386 адам тұрған.

Жыл басымен салыстырғанда ауыл халқы шамамен 8 мың адамға азайған, ал қала халқы 40 мыңнан астам адамға артқан.