Еліміздің 6 өңірінде гидротехникалық құрылыстарды салу және реконструкциялау бойынша12 жоба іске асып жатыр

0
121

Еліміздегі су инфрақұрылымының басым бөлігі кеңестік кезеңде салынған және жаңартылмаған.


Еліміздің 6 өңірінде гидротехникалық құрылыстарды салу және реконструкциялау бойынша12 жоба іске асып жатыр
ERNUR.KZ. Бүгінгі таңда олар тозып, қалпына келтіруді қажет етеді. Соңғы жылдары ескірген гидротехникалық құрылыстарды кезең-кезеңімен реконструкциялау, суару жүйелерін жақсарту және жаңа су қоймаларын салу бойынша белсенді жұмыстар жүріп жатыр. Бұл су шығынын азайтуға және бірінші кезекте ауыл шаруашылығында өнімділікті арттыруға ықпал етеді, өйткені жыл сайынғы су тұтынудың 60%-дан астамы осы саланың қажеттіліктерін қанағаттандыруға жұмсалады. ҚР СРИМ Су шаруашылығы комитетінің төрағасы Арсен Жақанбаев ОКҚ брифингінде осылай деді.

Оның айтуынша, 2024 жылы Ақтөбе облысындағы Елек өзеніндегі су қоймасын қайта жаңарту, сондай-ақ бес жыл бойы тоқтап тұрған Қызылорда су торабын қайта жаңарту жұмыстары аяқталды.

«Сондай-ақ Атырау облысы Индер ауданының «Ақсай» каналын реконструкциялауды және Түркістан облысындағы Тоғыз су қоймасының инженерлік-техникалық бекінісін жаңғыртуды аяқтадық. Жалпы, бүгінде салада ауқымды жаңғыртулар іске асырылуда, оның іс-шаралары еліміздің барлық өңірін қамтиды және 42 су қоймасын салуды, 37 су қоймасын қайта жаңартуды, сондай-ақ 14,5 мың шақырым суару каналдарын жөндеуді және қайта жаңартуды көздейді», – деді спикер.

Комитет гидротехникалық құрылыстарды салу және реконструкциялау бөлігінде республиканың 6 өңірінде орналасқан 12 жобаны іске асыруда. Желтоқсан айының соңына дейін Түркістан облысындағы Қапшағай су қоймасын қайта жаңарту және Батыс Қазақстан облысында 58 жылда алғаш рет Киров су қоймасын күрделі қайта жаңарту аяқталады. Осы жобалардың орындалуы 96,9 млн м3 судың жиынтық жобалық көлемін қауіпсіз жинақтауға және су тасқыны кезеңінде аса маңызды болып табылатын сенімділік пен беріктікті арттыруға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ Түркістан облысында орналасқан «Р-6» каналын реконструкциялауды аяқтау жоспарланған. Ол өңірдің суармалы жерлерін сумен қамтамасыз ету үшін каналдың өткізу қабілетін қалпына келтіруге және тиімділігін арттыруға ықпал ететін болады. Сонымен қатар «Альбарбогет» бөгетін қайта құруды аяқтау көзделген. Бұл гидротехникалық құрылыс Қостанай облысыЖангелдин ауданының ауылдық елді мекендерін су басудың алдын алуға ықпал ететін болады және өңірдің мал шаруашылығының жемшөп базасын жақсартуға қызмет етеді.

Бұдан бөлек, Комитет 214 жобаның жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуде.