Еліміздің бас санитары Бразилия мен Мадагаскарға барудың қауіптілігін ескертті

0
749

Жылда тек көктемде ғана болатын кенелер биыл жаз бойы жоғалмайды екен.


Еліміздің бас санитары Бразилия мен Мадагаскарға барудың қауіптілігін ескертті

ERNUR.KZ. Кене тек көктемде ғана емес, жаз бойы қауіп тудырады. Денсаулық сақтау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшин табиғат аясында демалатын қазақстандықтарды сақ болуға шақырды, деп жазады Almaty.tv.

Бекшиннің айтуынша, жыл сайын көктемде ғана болатын кенелер биыл жаз бойы жоғалмайды екен. Оған жаңбырдың жиі жаууы себеп көрінеді. Сондай-ақ бас санитар отандастарымызға Мадагаскар мен Бразилияға барудан бас тартуды сұрады. Өйткені аталған екі елде инфекция қатты өршіп тұрса керек.

«Баруға кеңес бермейтін елдер бар. Біріншіден, Мадагаскар. Ол жерде жыл сайын мыңдаған адам өкпе обасын жұқтырады. Сондай-ақ Бразилия да қауіпті ел: онда Денге безгегі, Эбола мен сары безгегі кең тараған. Бұл екі мемлекетке бару өте қауіпті», – деді ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы Жандарбек БЕКШИН.