Бұл жерлерде көлік қозғалысына шектеу қойылды.
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy
ERNUR.KZ. «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы 2026 жылғы 22 наурыздағы еліміздің тас жолдарындағы жағдай туралы жедел ақпаратты жариялады. Ауа райының қолайсыздығына байланысты сағат 08:30-дағы жағдай бойынша бірнеше өңірде көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп жазады Azattyq Rýhy.
Қазіргі уақытта көліктің барлық түрі үшін қозғалыс тоқтатылған учаскелер:
Ақмола облысы: «Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шекарасы» тас жолының 346-407 шақырымы (Жақсы кентінен СҚО шекарасына дейін).
Солтүстік Қазақстан облысы: дәл осы жолдың 407-429 шақырымы (Ақмола облысының шекарасынан Чистополье ауылына дейін), сондай-ақ «Тимирязево – Сарыкөл – Қостанай облысының шекарасы» жолының 0-30 шақырымы.
Павлодар облысы: «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» жолындағы Қалқаман кентіне кіреберіс пен шыға берістегі жолайрықтар жабық.
Шығыс Қазақстан облысындағы таулы аймақтардағы күрделі жағдайға байланысты Осинов асуында (46-66 шақырым, Солтүстік ауылынан Серебрянск қаласына дейінгі бұрылыс) тіркемесі мен жартылай тіркемесі бар жүк көліктері үшін қозғалыс шектеулі.


