Қазгидрометтің мәліметінше, еліміздегі үш облыста дауыл соғады.
ERNUR.KZ. Қазақстанның үш облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп жазады Stan.kz.
Қазгидрометтің мәліметінше, еліміздегі үш облыста дауыл соғады. 13-15 қыркүйек күндері Қызылорда облысының кей жерлерінде секундына 15-20 метр жылдамдықпен солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады.
13 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысында батыстан, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Кей жерлерде желдің жылдамдығы 23-28 м/с-қа дейін жел соғады деп болжанды.
13 қыркүйек күні Петропавлда 15-20 м/с жылдамдықта батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады.
13-14 қыркүйек күндері Жамбыл облысында солтүстік-шығыстан 15-25 метр жылдамдықта, кей жерде екпіні 23 м/с-қа дейін жететін жел соғады. Таразда 15-20 м/с жылдамдықта солтүстік-шығыстан жел соғады деп болжанды.