​Еліміздің шаруаларына 3,9 млрд текше метр су берілді

0
487

«Қазсушар» филиалы дихандарға 1,8 млрд текше метр суармалы су берді.


​Еліміздің шаруаларына 3,9 млрд текше метр су берілді

ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі еліміздің шаруаларын суармалы сумен қамтамасыз ету туралы ақпарат ұсынды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ведомствоның хабарлауынша, «Қазсушар» шаруаларға 3,9 млрд текше метр су берді..

Қызылорда облысы бойынша «Қазсушар» филиалы дихандарға 1,8 млрд текше метр суармалы су берді. Түркістан облысы бойынша егіс алқаптарына 982 млн текше метр су жеткізді.
Жетісу облысы бойынша филиал шаруаларды 408 млн текше метр суармалы сумен қамтамасыз етті. Қ.Сәтбаев атындағы каналдан 224 млн текше метр су берілді.
Жамбыл облысы бойынша «Қазсушар» филиалы суармалы жерлерге 210 млн текше метр су берді.
Д.Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы «Қазсушар» филиалы дихандарға 143 млн текше метр су берді.
Батыс Қазақстан облысы бойынша «Қазсушар» филиалы өңір шаруаларына 118 млн текше метр, Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 58 млн текше метр, Қарағанды облысы бойынша – 11 млн текше метр, Ақтөбе облысы бойынша – 6,5 млн текше метр, Қостанай облысы бойынша – 5 млн текше метр, Павлодар облысы бойынша – 3,75 млн текше метр, Ақмола облысы бойынша – 1,2 млн текше метр, Атырау облысы бойынша – 0,47 млн текше метр су жеткізіп берді.