Еліміздің үш қаласында пилотсыз такси іске қосылады

0
91

Ілкі жоба үш қалада – Астанада, Алматыда және Қосшыда іске асырылатыны белгілі.


Еліміздің үш қаласында пилотсыз такси іске қосылады

Фото: Еламан Тұрысбеков / Kazinform

ERNUR.KZ. Жүргізушісіз такси ілкі жобасын жүзеге асыруға дайындық жалғасып жатыр. Бұл жөнінде Премьер-министрдің орынбасары — Жасанды интеллект министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді, деп жазады inform.kz.

Оның сөзінше, жоба Yandex және inDrive компанияларымен бірлесіп атқарылады.
— Қазір қажетті реттеуші базаны әзірлеу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Ол алдағы уақытта технологияны елдің өзге қалаларына енгізуге мүмкіндік береді, — деді Жаслан Мәдиев.

Ілкі жоба үш қалада – Астанада, Алматыда және Қосшыда іске асырылатыны белгілі.

Жүргізушісіз такси жүйесін тестілеу 2026 жылдың соңына дейін жалғасады.